CALL-CENTER   +7 (7172) 51 2222, +7 771 522 22 22

«EDEL»–мәнер дегдарлығы

Дегдарлық, талғампаздық және ұстамды сән-салтанат. Осының бәрі мінсіз үйге тән сипаттар және олардың бәрі «EDEL» үйінде үйлесім тапқан.
«Edel» деген сөз неміс тілінен «дегдар», «бекзат», «асыл» деп аударылады.
Жаңа «EDEL» тұрғын үй кешені Сіздің өміріңіздің нағыз сәніне, неміс сапасын бағалайтын әрі талғампаз жандар үшін шынайы құндылыққа айналатыны анық.

  Бейнені көруге

Жобаның сипаттамасы

EDEL – көп қабатты тұрғын үй кешені, оған 14 және 20 қабатты екі тұрғын үй, 7 қабатты кеңсе ғимараты және 3 қабатты жылытылатын автотұрақ кіреді.

Әрбір тұрғын үй 3 бөліктен құрастырылған, олардың бірінші, екінші, үшінші қабаттарында коммерциялық мақсаттағы кіріктіріліп-қатарластырылып салынған үй-жайлар орналасқан. Кешенде барлығы 384 пәтер бар. 3 қабатты автотұрақ 435 машина орнына шақталған.

«EDEL»–жер бедерінің дегдарлығы

«EDEL» тұрғын үй кешені Астананың дәл жүрек тұсында, Есіл өзені қос тармаққа бөлінетін жерде орналасқан.
Бұл жер премиум-класс санатына жататын үйлерге тамаша сәйкеседі: жанында салтанатты Park Inn Radisson Astana апартаменттері, «Арман» бизнес орталығы, Елордасындағы аса ірі мекемелер мен сәнді мейрамханалар орналасқан.
«EDEL» тұрғын үй кешенінің терезесінен Орталық саябақтың көркем табиғатының жан тебірентер көрінісі алақандағыдай көрінсе, атар таң мен батар күннің әдемілігі жылдың кез келген мезгілінде көзайымыңызға айналады.

«EDEL»–инфрақұрылым дегдарлығы

«EDEL» тұрғын үй кешені қаланың қазіргі заманғы қарқынды дамып келе жатқан ауданында орналасқан, оның басты құндылықтарының бірі – көлікке тамаша қолжетімділік беретіндігінде . Кешеннің жанынан қаланың кез келген жеріне оңай әрі жылдам жетуге мүмкіндік беретін аса ірі күре жол өтеді.
«EDEL» – тек элиталық жайлы тұрғын үй ғана емес, сонымен қатар жақсы ойластырылған инфрақұрылымы мол мүмкіндіктер ұсынады: World Class фитнес-клубы, ірі банктердің филиалдары, мектеп-лицей, «Sana Бала» жекеменшік балабақшасы, емханалар, супермаркеттер, дәріханалар мен химиялық тазалау орындары жақын орын тепкен.
Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны, Астананы танытатын айшықты белгісіне айналған Есіл өзенінің жағалауы тұрғын үй кешенінен таяқ тастам жерде жатыр.
САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІ
ҚАЛАЛЫҚ САЯБАҚ
PARK INN МЕЙМАНХАНАСЫ
ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА
МЕКТЕП ЛИЦЕЙ
БТА БАНКІ
САНА ТК
САНАБАЛА БАЛАБАҚШАСЫ
RADISSON МЕЙМАНХАНАСЫ
ФУТБОЛ СТАДИОНЫ
WORLDCLASS ФИТНЕС КЛУБЫ

«EDEL»–пішін дегдарлығы

«EDEL» тұрғын үй кешенінің архитектуралық шешімі – ең үздік еуропалық үй салу дәстүрлерінің жүзеге асырылған көрнекі бейнесі іспетті: каскад түрінде орналастырылған 14 және 20 қабатты төрт бұрыш пішінді екі ғимарат аудандағы бірыңғай құрылыс мәнеріне жараса үйлесім тапқан.
Осы тұрғын үйлер мен 3 қабатты көлік тұрағы эллипс пішінді 7 қабатты кеңсе ғимаратын жатық түрде құрылымдық жағынан біріктіреді.
Еуропалық сипаттағы кербез қасбеттің ашық реңктері біртума гүлді ою-өрнекті толықтырса, біртегіс әйнек беттерінде ойнаған күн сәулесі жобаның таза әрі айқын архитектуралық келбетін қалыптастырады.
«EDEL» тұрғын үй кешені қазіргі заманғы қаланың нағыз сәніне айналатын көрнекті орынға саналатыны сөзсіз қисынды.

ЖОБАСЫНЫҢ СЕРIКТЕСТЕРІ