CALL-CENTER   +7 (7172) 51 2222, +7 771 522 22 22
«EDEL» тұрғын үй кешенінің құрылысын отандық ірі холдинг – «SANA GROUP» тобына кіретін «Юникум Астана» компаниясы жүзеге асырады. Холдинг үшін бұл – сәтті іске асырылған бірінші жоба емес.

Бүгінгі таңда «SANA GROUP» құрылыс және өнеркәсіп холдингі – бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған өндірістік желісі бар көпсалалы құрылымға айналып отыр.

Қызметінің негізгі бағыттарының қатарында мыналар бар: тұрғын үй және өнеркәсіп нысандарының құрылысы, сыра және алкогольсіз сусындар өндірісі, дәнді дақылдар өсіру, астық сақтау бойынша қызметтер көрсету, автомобиль жолдарының құрылысын салу және қайта құру.

Бизнесті әртараптандыру нарық конъюнктурасының қолайсыз ауытқуларына төзімділікті арттырып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Толып жатқан активтер, қызметкерлердің кәсіпқойлығы, жинақталған тәжірибе мен атақ-абырой – міне, «SANA GROUP» холдингінің жоғары сапалы жұмысын қамтамасыз ететін факторлар осы.

Азаматтық құрылыс саласындағы өзінің кәсіби қызметін холдинг Астана қаласында 2004 жылы бастаған еді.
Осы уақыт ішінде жалпы аумағы 200 мың шаршы метрге жуық үш тұрғын үй кешені тұрғызылды.
2009 жылы компанияның ерекше мақтанышына айналған «SANA» тұрғын үй кешені салынды.

Тұрғын үй кешені «SANA GROUP» холдингінің құрметіне осылай аталды, ол жобаның сәтті болатынына өзінің кәміл сенімі арқылы оның толық іске асырылуына ықпал еткен едіҚазақ тіліндегі «сана» сөзі ақыл-параcат деген мағына береді.

Осы «Сана» деген атау болашақтағы барлық бастамаларымызға табыс әкелетініне біз кәміл сенеміз.