CALL-CENTER   +7 (7172) 51 2222, +7 771 522 22 22
 

«EDEL»–жайлылық дегдарлығы

«EDEL» тұрғын үйіндегі пәтерлер – қауіпсіздік пен жайлылықтың жаңа өлшемі. Тұрғын үй кешенінің құрылысын салу барысында барлық құрылыстық және инженерлік жұмыстардың сапасына барынша назар аударылады.
Сондықтан «EDEL» үйлеріндегінің бәрі – дыбыссыз тоқсатылардан бастап озық инженерлік шешімдерге және қуат үнемдейтін технологияларға дейін жайлы әрі қауіпсіз қонысты қамтамасыз етеді.
Үй-жайлардың эргономикасына қатысты айрықша көзқарас қазіргі заман адамының өмір салтын ескереді және «EDEL» тұрғын үй кешенінің астаналық жылжымайтын мүлік нарығындағы бірегейлігін ашып көрсетеді.

ҚҰРЫЛМАЛАР

EDEL түрғын үй кешенінің ғимараты тұтас құйма түрінде жобаланған. Бүкіл құрылма құрама және тұтас құйма темірбетоннан жасалған діңгекті іргетасқа орнатылған.
EDEL пәтерлерінің жылуын оқшаулауды жылытқышы бар қасбеттік материалдар және тұмшаланған үш қатпарлы терезе мен есік блоктары қамтамасыз етеді.
Астыңғы қабаттағы үй-жайлардың қасбеттері жылтыратылған гранитпен, ал тұрғын қабаттардың қасбеттері талшықты бетоннан жасалған безендіргіш сылақпен әрленген.
Үй-жайларға жауын-шашынның өтуіне жол бермеу үшін EDEL кешенінде жауын-шашыннан аққан суды ғимараттың шатырынан жинап алып, нөсерлі кәріз жүйесіне бұрып әкету көзделген.

ЖЕЛДЕТУ

EDEL – жылылық пен жайлылыққа еуропалық көзқараспен келудің үлгісі. Тұрғын үй кешенінде жобаланған қазіргі заманға сай желдету мен ауа баптау жүйелері қоршаған ауаның тұрғындардың хал-жағдайына барынша қолайлы параметрлерін ұстап тұрады.
Тұрғын жай бөлігінің желдеткіш жүйесі – ауа тартқыш, табиғи түрде іске қосылатын және кіретін ауа ағыны ұйымдастырылмаған жүйе. Пайдаланылған ауа үй-жайлардан жуынатын жайлар, ас бөлмелер мен киім-кешек сақтайтын бөлмелер арқылы кетіріледі.
Ауа баптағыштарды орналастыру үшін балкондарда арнайы орындар дайындалған, ал пәтерлердің өзінде электр розеткалары орналастырылған.
Конденсатты бұрып әкету жүйесі ауаның дұрыс әрі сапалы алмасуын ұйымдастыруға көмектесіп, EDEL пәтерлерінде өмір сүруге барынша қолайлы жағдай жасайды.

ЖЫЛЫТУ

EDEL тұрғын үй кешеніндегі жылыту жүйесі мен сумен жабдықтау жүйесі қабылданған мемлекеттік стандарттарға сәйкес әзірленген.
Ішкі жылыту жүйесі қалалық жылу тораптарына қатпарлы жылу алмастырғыштар арқылы жалғанған.
EDEL кешенінің барлық пәтерлері қазіргі заманғы радиаторлармен жабдықталған.
Суық су мен ыстық судың ішкі құбыр өткізгіші үшін тиісті бекіткіш және су таратқыш арматурасы бар пластмасса құбырлар пайдаланылады.
Ыстық сумен де, суық сумен де жабдықтау орталықтандырылған және ол қалалық инженерлік тораптардан жүзеге асырылады.

ҚАУІПСІЗДІК

EDEL тұрғын үйіндегі пәтерлер – қауіпсіздік пен жайлылықтың жаңа өлшемі. Тұрған үй кешені ең алдыңғы қатарлы өртке қарсы дабылдамамен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған.
Тұрғындардың қауіпсіздігінің алдыңғы шегінде тәулік бойы бейнебайқау жүйесі тұрады, ол кешеннің аумағында болып жатқан жағдайдың бәрінің үздіксіз бақылануын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар әр пәтерде орнатылған домофон бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді.

ЛИФТІЛЕР

Адамдар мен жүктерді көтеру үшін «MITSUBISHI» компаниясы шығарған жолаушы және жүк-жолаушы лифтілері көзделген.
Лифтілер астыңғы қабаттан бастап ғимараттың бүкіл биіктігіне қолданылады.
EDEL тұрғын үй кешенінің бүкіл лифт шаруашылығы диспетчерлендіру жүйелерімен жабдықталған, олар лифтілердің жұмысын автоматты режимде қадағалайды және әрқайсысының күйін мұқият жазып отырады.

«EDEL»–инновациялар дегдарлығы

«EDEL» тұрғын үй кешенін ең озық инновациялық технологиялар қолданылатын болашақтың тұрғын жайы деп атау әділетті. Тұрғын үй кешеніндегі барлық пәтерлер бельгиялық Teletask компаниясының «Ақылды үй» интеллектуалдық жүйесімен жарақталған.
Бір және екі бөлмелі пәтерлерде электр қуатының ауытқулары, су ағу, үйге бөтен адамның кіруі және түрлі апаттық жағдайлар туралы СМС хабарламаларын жіберетін негізгі топтаманы пайдалану қарастырылған. Үйдегі барлық техниканы бақылауға мүмкіндік беретін премиум топтама үш және төрт бөлмелі пәтерлерге арналған.
Жарықты, температураны реттеу параметрлерін, перделерді, жалюзи және тұрмыстық AV құрылғыларын ыңғайлы әрі оңай басқаруға кепілдік беретін Teletask тұрмыстық автоматтандыру жүйелерінің көмегімен «EDEL» тұрғын үй кешеніндегі күнделікті өмір отбасындағы қуаныштар мен шат көңіл-күйдің қайнар көзіне айналады.